Mona Songz — Erkelesi

Таңдадың ба мені
Жүрегіңмен қалап
Бақытыңа балап, бағалап?
Сұрадың ба мені
Көздеріңді жұмып
Түнде дұға қылып?
Жолықсақ болмай ма?
Жүрекке жол қайда?
Көрмеген кеудеге
Махаббат орнай ма?
Жайдары жанға бір
Өзіңдей бар ма гүл?
Көргім кеп барады
Мен сені дәл қазір
Өкпелеме сен маған жаным еркелеші тек
Еркелігіңді сақтап қалайын тек есімде
Жаздың жылы кешінде, оңаша кездесуге
Көрінбей ешкімге, бүгін келесің бе?
Келші еркелеп
Кешікпей бірақ ертерек
Ғашық жүректің асығуына бұлай
Өзіңсің себеп
Ақыл үйретіп кетті деп
Қалмасаң болды өзіңше боп, өкпелеп
Жолықсақ болмай ма?
Жүрекке жол қайда?
Көрмеген кеудеге
Махаббат орнай ма?
Жайдары жанға бір
Өзіңдей бар ма гүл?
Көргім кеп барады
Мен сені дәл қазір
Өкпелеме сен маған жаным еркелеші тек
Еркелігіңді сақтап қалайын тек есімде
Жаздың жылы кешінде, оңаша кездесуге
Көрінбей ешкімге, бүгін келесің бе?

Поделиться или сохранить к себе:
Тексты и переводы песен