Қаншама жүрек махаббат
Жылуын іздеп жанбаған
Ғашықтық дертін арқалап
Шыңына сезім самғаған
Espanov Olzhas — Zhabyrqau zhanym
Өмірде мынау қанша адам
Сыңарын іздеп шаршаған
Ақ құсым менің аңсаған
Өзіңе арнап ән салам
Жабырқау жаным әлі
Ашылар бағым әлі
Мен сені сәл көрмесем
Жаным-ау сағынам
Беріліп ұлы сезімге
Ұйқымда қашып безінген
Өзіңе деген махаббат
Жалындап тұр ғой көзімде
Тулаған сезім тасқыны
Таба алмай бұрар арнасын
Ғашықтық дертім асқынып
Әкетіп қайда барасың
